Шағатай ауылдық округі бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың белсенділігі жоғары. Ел болашағы үшін «менің дауысым маңызды» деген ойдағы шағатайлықтар өз таңдауын жасады.
№391 референдум учаскесіне келіп, дауыс берген Қоғалытүбек ауылының тұрғыны, жас маман Гүлвира Темірболатова былтыр жастар тәжірибесі бағдарламасы арқылы Қоғалытүбек негізгі орта мектебінде компьютер операторы мамандығымен тәжірибеден өткен.
Биыл аталған мектепке тұрақты жұмысқа орналасты. Өзі арбаға таңылса да, әркез белсенділік көрсетіп, қоғамдық іс-шараларға қатысып жүрген қайсар жан бұл жолы да өз мақсатынан айнымады.
– Дауыс беруге ештеңе кедергі емес, - деді ол өз сөзінде.
Айта кету керек, аталмыш учаскесінде 190 дауысберуші тіркелген. Қазіргі сәтте 60-қа жуық дауысберуші келіп, өз таңдауларын жасады.
Ақтілек Әлібекұлы
Теректі ауданы