Таңдауын жасап жатқан Бәйтерек ауданының тұрғындары елімізде алғаш өтіп жатқан ауылдық округ әкімдерінің сайлауына белсенді қатысуда. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясынан келіп түскен мәлімет бойынша, Зеленый, Чиров және Январцев ауылдарында тіркелген 2890 сайлаушының 2046-сы өз дауысын беріп үлгерген. Бұл аталған ауылдардағы сайлаушылардың 83,3 пайызын құрайды.
974 сайлаушысы бар Зеленый округінде өз дауысын 782 тұрғын жасаған. Пайызға шаққанда көрсеткіш 80,3-ті құрап отыр. Чиров ауылында бұл көрсеткіш 86,6 пайызды құрады. Бұл округте тіркелген 305 сайлаушының 264-і өз таңдауын жасады деген сөз.
Ал Январцев ауылына келер болсақ, ол жақта тіркелген 1611 сайлаушының 1360-ы дауыс берген. Бұл округтегі барлық сайлаушылардың 84 пайызы учаскеге келгендігін айқындайды.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы