15.10.2020, 9:42
Оқылды: 57

Демеушілер құрметіне концерт қойды

Кеше Бәйтерек ауданы Дариян ауылындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мекемесі ән мен күйге бөленді. Қайырымдылық айлығы аясында өткен кештің ашылу салтанатында мекеме директоры Дастан Мырзағалиев қазіргі таңда Үкімет тарапынан қамқорлық жасалып, орталықтағы жандарға қолдан келгенше жәрдем көрсетіліп жатқанын жеткізді.

Demeushi (1)

– Мекемеміздің ашылғанына бір жылдан астам уақыт өтті. Осы жыл ішінде ауылдағы жаны жомарт адамдар қол ұшын созып, демеушілік танытып келді. Талғат Сарбалаков, Алексей Синельников, Талғат Әбельбасов, Сәндібек Есетов, Дмитрий Безук секілді азаматтарға ризашылығын білдіремін, – деді Д.Мырзағалиев өз сөзінде.

Demeushi (3)

Сондай-ақ Дариян ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Тілек Кәкенов те аталмыш мекемедегі қызмет алушыларға жылы лебізін арнап, тағдырлы жандарға қолдау білдірушілерге ризашылығын білдірді.

Demeushi (4)

Әлеуметтік қызмет көрсету мекемесі ұжымының «Жүректен жүрекке» атты концерті қайырымдылық пен адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту еткен, қолдан келген жәрдемін ұсынған жандардың құрметіне арналды.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале