Аудандық мәслихат депутаты Мұрзабеков Нұрбек Серікқалиұлы - Бөрлі ауданының тумасы, жергілікті азамат. Ол - жоғары білімді экономист. 2020 жылдан бастап жеке кәсіппен айналысады. Бүгінгі күні «Ернар» сауда орталығының директоры.
Өмірде қай-қай жағынан да белсенді Нұрбек Серікқалиұлы мерзімді басылымдардың қажеттілігі мен маңызын жақсы түсінеді. Сондықтан да бүгінгідей баспасөзге жазылу науқаны кезінде өз қызметкерлері мен зейнеткерлерге 400 000 теңгеге газет-журнал жаздырып беріп отыр. Оның ішінде «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Орал өңірі», «Приуралье» газеттері де бар. Дәл бүгін аудандық «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» газетіне 20 данаға жазылып, үлкен қолдау көрсетіп отыр. Аудандық газеттің редакциясы азаматтық танытқан азаматқа алғыс айтады.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz