12.07.2022, 22:56
Оқылды: 45

Дендрарийді қалыпқа келтіру маңызды

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нариман Төреғалиев, Мәжіліс депутаты Мәлік Құлшар және облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева аудан орталығындағы Орда орман шаруашылығының Жәнібек стационарында (академбақ) болып, дендрарийді қайта жаңғырту бойынша Ресей Ғылым академиясы ормантану институтының жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының докторы, профессор Мамай Сапанов және Батыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Алдияр Халеловпен кездесті.

AE4664CB-EC71-4CAD-B6E8-37E216EA9A61

Академик Мамай Қазиұлының айтуынша, депутаттардың келіп, бұл жермен танысуы өте маңызды. Себебі олар аталмыш стационарды ғылыми әрі өндірістік тұрғыдан қайта қалпына келтіруге көмектесе алады деді. Ал, профессор өз кезегінде жас мамандарды орман ісі мен экологияға оқытуда және өндірістік жұмыстардың ғылыми негіздемесін қамтамасыз етуде көмектесетінін жеткізді.

38E32965-9A29-48ED-8207-46B79957D01C

Халық қалаулылары Алдияр Сансызбайұлы мен Мамай Қазиұлының сөздеріне құлақ асып, алдағы уақытта барлық шығындарды есептеп, бір шешімге келетіндіктерін жеткізді.

1076A65C-C05E-4053-B1F6-D682D0DC24A1

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале