8.04.2022, 18:29
Оқылды: 38

Денсаулық күнін тойлады

Жаңақала аудандық ауруханасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай іс-шара оздырылды.

57F42B24-541A-436D-896A-9BC5AB5CA53B

Аудандық аурухана қызметкерлері дұрыс тамақтану, таңғы жаттығу, салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден аулақ болуды насихаттай отырып, өмір жасын ұлғайтуға септігін тигізетін пайдалы кеңестермен бөлісті. Алдымен аудандық аурухананың директоры Ербол Сәрсенғалиев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

- 7 сәуір – 1950 жылдан бастап, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылуына байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні  атап өтіледі. Денсаулық – адам үшін басты құндылық. Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтудың мақсаты – барлық адамзаттың жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұратын жеріне және табыстарына қарамастан оларға қажетті медицианлық көмекті қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі қызметтер халыққа тегін ұсынылып отыр,- деді аудандық аурухананың директоры Е.Сағынғалиұлы.

184D3D04-2672-4A19-A6FB-C069F698D4C7

Одан әрі аудандық аурухананың бір топ қызметкерлері таңғы таза ауамен денені қыздырып, шынықтыру мақсатында сергіту жаттығуын жасады. Бұдан соң спорттық би билеп, шынығып, көтеріңкі көңіл күйде іс-шараны аяқтады.

Ж.Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале