Бүгін мәдениет үйінің орталығында облыстық «Ел болашағы балалар» аймақтық бірлестігі және Жаңақала аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Денсаулық пен уақыт Алланың берген нығметі» тақырыбында Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы, Рант мүшесі, «Жыл уағызшысы - 2022 «марапатының иегері Нұралы Бақытұлымен кездесу өтті.
Кеш барысында денсаулықтың қадірі туралы, уақыттың құндылығы туралы сөз етілді. Шариғатымызға жат, денсаулығымызға зиянды әрекеттерден аулақ болуға шақыру мақсатында әңгіме өрбіді. Сонымен қатар бос уақытымызды тиімді өткізіп, пайдалы істермен айналысудың маңызы туралы айтылды.
Жиналған қауым көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Сәйкесінше сол сұрақтарға тұшымды жауаптар алынды.
Жанна Миха,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz