12.04.2021, 16:56
Оқылды: 38

"Денсаулықты да, тазалықты да сақтаймыз!"

Өткен сенбі күні Сырым аудандық аурухана ұжымы сенбілік жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Ақжелеңділер елді індет жайлаған кезде тазалық басты ұстаным болуы шарт деп есептейді.

C091575D-7EB0-4959-9989-4B8AB8CFF871

- Пандемиямен күресте әріптестеріміз вакцина алумен қатар аудандық аурухананың ішкі және сыртқы тазалығына да бел шеше кірісті. Өзіміз еңбек ететін мекемемізді таза ұстап, абаттандыру жұмыстарын жасау біз үшін маңызды. Аталмыш сенбілікке 70-ке жуық медицина қызметкерлері жұмылдырылды,- деді аудандық аурухананың бас медбикесі Күләш Айташова.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале