12.09.2022, 19:07
Оқылды: 50

Депутат деген қандай-ды

«Халық қалаулысы» деген аты айтып тұрғандай, аудан тұрғындары өздері сайлап алған мәслихат дептутаттары қай уақытта да елмен бірге екендіктерін дәлелдеп келеді.

Бөрлі аудандық тұрақты комиссиялар отырыстары мен аудандық мәслихаттың сессия мәжілістері, рейдтер мен қабылдаулар сияқты қат-қабат жұмыстардан бөлек, депутаттардың қайрымдылық істері туралы айтпақпын. Бұл өзім де депутат болғандықтан емес. Ия, мен әріптестерімнің ізгі істеріне мақтанамын. Қайрымдылық мейірімділік деген сөздің синонимі. Негізі айтпағым, «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын».

Осы күні қиындық көрген жандарға қол ұшын созған кәсіпкері болсын, депутаты болсын, «атымды атамай ақ қойыңдаршы, маған жарнама қажет емес» дейтін үрдіс пайда болғанын байқап жүрміз. Мақтанғандай болып көрінбейін дейтін кішіпейілдік шығар. Бірақ бұндай жарнама елге қажет, ұрпақ тәрбиесі үшін қажет. Сондықтан да бүгін тұрғындарға үнемі көмек қолын созып жүретін, қиналған жандардың қасынан табыла білетін депутаттарымыз бар. Және олар біреу емес, бірнешеу. Оларды атап өтсек...

Қайрымдылық көмектің көшбасында 10 жыл қатарынан депуттатық мандат иесі, «Аманат» партиясынан сайланған депутат, ел ағасы Лесбай Елеусінов келеді десе де болады.

InShot_20220912_190356112

Ол басшылық ететін 20 жылдық тарихы бар «НазТур» ЖШС аудан аумағында көптеген нысандар салып, қаншама адамды жұмыспен қамтып, кәсібін дөңгелетіп ақ отыр. Сонымен бірге ардагерлер мен көп балалы аналарға, жағдайы төмен отбасыларға миллион теңгелеп көмек көрсетіп келеді. Биылғы жылдың өзінде су тасқынан зардап шеккен отбасылардың үйін жөндеуге құрылыс материалдары үшін 2 миллион теңге қаражат бөлген. Оның алдында ғана өзі туып-өскен Успенов ауылына 1 миллион 500 теңгеге мұз айдынын салып берген. Сондай ақ, мұз айдынына қажетті құрал-жабдықтармен бірге хоккей ойынына қажетті заттарды да сыйға тартқан. Осыдан үш ай бұрын аудандық мұсылмандар мешітінің имамдарына арналған үй құрылысына 1 миллион теңге қаржылай көмек көрсеткенінен де құлағдар едік. Бұл Л.Елеусіновтың біз білетін жария жақсылықтары. Ал біз білмейтіндері бұдан да көп ау. Өйткені Лесбай Жексенұлы сөздің емес, істің адамы. Яғни айтқанда, сөздің аз, істің көп болғанын жақсы көреді.

Біздің тағы бір кейіпкеріміз, Бауыржан Дюсенов.

InShot_20220912_184705975

«Қазбұргаз» атты ірі компанияның вице-президенті Бауыржан Бекберұлы Достық, Ақсу, Ақбұлақ, Аралтал ауылдарының мектеп оқушыларына айтулы мерекелерде 100-150 дана сыйлық пакеттерін дайындайтынын айтпағанның өзінде, депуттаттың қолдауымен компания Ақсайлық мүмкіндігі шектеулі бір тұрғынына қолына протез жасау үшін 8 миллион теңге көмек көрсеткен. Аманат партиясы ғимаратының сыртын жөндеу үшін 1,5 миллион қаржы бөлгені тағы бар. Жеке қабылдау өткізіп, қаншама адамға жекелей көмек-қолдау жасап жатқаны өз алдына бір төбе. Жасаған жақсылықтарын тізбелегенді ұнатпайтын бір себебі, бұл жерде Қазбұргаз мекемесінің де еңбегі көп деп біледі. Ердің атын елі шығарып, мекемесінің атын басшысы көкке көтеріп жүрсе несі айып?!

Осымен қатарынан екі шақырылым депутаты, «Конденсат АҚ» директоры Нурия Муфтееваны да халық жақсы таниды.

InShot_20220912_190421848

Өйткені Нурия Саламатқызы аудан өміріне белсене араласып, түрлі шаралардың бел ортасында жүреді. Қаланың солтүстік бөлігі тұрғындарының өтініші бойынша ескі теміржол өткеліне жарық қойдырған да, жалғызбасты ананың аурулы ұлына қаржылай көмек көрсеткен де, балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне бадминтон спортын дамытуға үлес қосып келе жатқан да депутат Н. Муфтеева. Ол аудандық Іскер әйелдер Кеңесінің төрайымы ретінде де түрлі әдеби, мәдени, өнер байқауларының ұйымдастырушысы да.

Депуттатарымыздың белсенділігі биылғы «Мектепке жол» акциясы кезінде де анық көрінді. Мәселен, Нурия Саламатқызы қаламыздың №1 және №4 ЖББОМ мектептеріне, Бумакөл, Облавка, Пугачев ауылындағы аз қамтылған отбасылардың балаларына 83 дана оқуға қажетті құрал-жабдықтарды тарту етсе, Лесбай Жексенұлы Приурал, Успенов, Кеңтүбек ауылдық округтерінің жалпы саны 15 оқушысына рюкзаг пен қажетті құралдарды, №7 ЖББОМ мектепке 22 дана мектеп формасы мен 2 дана спорттық киім, 2 рюгзаг оқу құралдарын табыстады. Ал жаңа оқу жылының қарсаңында Бауыржан Дюсенов 20 оқушыны мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен. Бұл мақтаныш емес, өскелең ұрпаққа қамқорлық, ел ертеңі – балаларымызды қолдау.

Бәрін санамалай беруді мақсат етпедік. Бірақ, қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі. Жасаған жақсылығын жалаулата беруге олар құштар болмағанмен, жариялауға біз құштар болдық. Өйткені, әрбір игі істің артында ізгі ниет, шын жанашырлық сезім тұр. Бет қатталып жатқанда, облыс мәслихатының депутаты А. Агаевтың Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге 500 мың теңге аударғаны белгілі болды. Бұрыннан да жаны жомарт, мәрт жігіт Агоярұлына шексіз разы болдық.

Дариға Нұрашова, 

Бөрлі ауданы, 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале