Қазіргі таңда Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық- саяси газетіне жазылу науқаны жүріп жатыр. Газет оқырмандары бұл маңызды істе жауапкершілік танытып, науқанға белсене атсалысуда. Аудан айнасы таралымының артуына сүбелі үлес қосып, жан-жақты қолдау білдіретіндердің қатары көбейіп келе жатқаны көңіл қуантады.
Оқырмандарды газетке өз есебінен жаздырып берген кәсіпкерлерді, жомарт жандарды үлгі ретінде көрсетуді жөн деп санадық. Науқаннан қапы қалмай, аудан тарихымен тамырлас төл газетімізге қолдау білдірген жандардың бірі – Жаңақала аудандық мәслихат депутаты, аудандық «Jastar» спорт клубының директоры Жанболат Гумаров. Ол көпбалалы 10 отбасын басылымға жаздырып, өзінің мәрттігін танытты. Аудан айнасына жанашырлық танытқан Жанболат Жасқайратұлының еңбегіне жеміс тілеп, шынайы алғысымызды білдіреміз.
Жаннұр Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz