20.12.2021, 21:26
Оқылды: 20

Депутат қолдап, мемқызметкер қоштады

Аудан айнасы "Сырым елі" қоғамдық-саяси газетіне жазылу науқанында Сырым аудандық мәслихат депутаты Аида Ниязғалиева Жымпиты ауылының ақсақалдары мен өзі басшылық етіп отырған педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің ерекше күтімді қажет ететін балаларын аудан басылымына жаздырды.

IMG-20211220-WA0102

Газеттің оқырмандары тек ауыл, аудан көлемінде ғана емес, өзге ауданда қызмет етіп жүрген, өзіміздің Жымпитының жігіті, Тасқала ауданы, Тасқала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Еркебұлан Аспендияр да жерлестеріне біздің газетті тегін оқуға мүмкіндік сыйлады.
- Жерлесіміз, ақын, айтыскер Бауыржан Ширмединұлының "Қалаға хат" өлеңі ақынның біраз іні-қарындастарына үлгі болғаны анық.

IMG-20211220-WA0101

"Адамның кіндік қаны тамған жерге,
Маңдайының тері де таму керек" деп ағамыз айтқандай,бұл өлең жолдары менің де ұстанымыма айналғалы қашан. Таудай үлес қосып жарытпасақ та, еліміздің азаматы ретінде бір кірпіші болып қалану парызымыз. Өзіміз асыға күтіп,​ сүйіп оқитын аудандық басылымды аудан, облыс, республика оқыса ауданымыздың мерейін одан әрі өсірер еді,-деп тілегін білдірді Еркебұлан.
Елің үшін тілеулес болып, жерлестерің үшін жанашыр болып аман жүр, замандас!

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале