24.09.2021, 18:03
Оқылды: 46

Депутат сыйлық жасады

«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық және балалар спортын дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

 30

Президенттің бұл ұсынысын орындауға кіріскен облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер әрі меценат Иван Енютин Бәйтерек ауданына қарасты Чиров ауылдық округіне үстел теннисінің жабдықтарын тарту етті.

Спорттың осы түрі ерекше дамыған округ тұрғындары сыйлықты қуана қабыл алды. Үстел теннисінің мектебі қалыптасқан ауылдан енді мықты спортшылар шығады деген сенімдеміз.

31

- Иван Ивановичтің сыйлығы ауыл жастары мен тұрғындарын ерекше қуанышша бөледі. Қазір арнайы жабдық ауыл мектебінде құрылды. Кешқұрым тұрғындар теннис ойнап, үздік спортшылар жастарды ойынның қыр-сырына баулып жүр, - дейді округ әкімі Николай Штык.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале