Бөрлі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қ.Ермекбаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XV сессиясы өтті. Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары А.Көшкінбаев, аппарат басшысы М.Нұрмақов, бөлім басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия отырысында төмендегі мәселелер қаралды. Ең алдымен, Бөрлі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №12-2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Шамғонова баяндама жасады.
Гүлнар Төлегенқызының мәлімдеуінше,облысты бюджеттен бөрлі ауданына берілген 282 мың теңгеге республикалық трансферттер сомасы көбейіп, 11040 мың теңгеге облыстық трансферт азайтылған. Бүгінгі таңда аудан бюджеті, яғни кірісі мен шығысы 12 335 823 мың теңгені құрайды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №57-2 «Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы болатын. Бүл мәселе бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ольга Басимова әлеуметтік көмек бойынша ұсыныстарын депутаттар назарына ұсынды.
Аудандық мәслихаттың өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және аграрлық саясат мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының жұмысы туралы аудандық мәслихатының депутаты, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және аграрлық саясат мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрағасы Бахитжан Гадельшиев баяндама жасады.
Сол сияқты аудандық мәслихатың білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының жұмысы туралы аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы Мирболат Дияров баяндады. Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 28 наурыздағы №22-6 «Бөрлі аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәслихат аппараты басшысының міндетін атқарушы Гүлнұр Жамбаева баяндап берді. Жарыссөзге аудандық мәслихат хатшысы Қ.Ермекбаев, аудан ікімінің орынбасары А.Көшкінбаев, депутат С.Дүйсеновтер қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық тыңдалып, депутаттар оң шешім шығарды.
Дариға Нұрашова,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz