Толассыз жауған жаңбыр мен еріген қар суының салдарынан Тасқала ауданың орталығындағы көшелерде су көбейіп, азаматтық қорғаныс құрылымдарының біраз тер төгуіне тура келді.
Нәтижесінде 9 мотопомпаның көмегімен 42000 куб су сорылды. Ахметкалиев, Құрманғалиев, Саябақ көшелеріне келген ағын суды бөгеу үшін 1000 қап құм төселді. Аталмыш жұмысқа 74 адам мен16 техника, 2 ассенизатор қатысты. Қазіргі уақытта таңертеңгі сағат 8:00-дегі есеп бойынша аудан аумағындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі төмендегідей шкаланы көрсетті.
Деркөл өзені - 534 см. Қауіпті деңгей - 520 см. Өсім - 27 см.
Бірінші Шежін - 505 см. Қауіпті деңгей – 646 см. Өсім - 29 см.
Екінші Шежін - 789 см. Қауіпті деңгей - 780см. Өсім - 59 сантиметр.
Жағдай штаб бақылауының жіті назарында.
Назгүл Серікқызы,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz