Бүгін Сырым ауданына Ақмола облыстық "Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының" дінтанушысы Бахтияр Смадьяров келіп, жастармен кездесу өткізді.
Дін саласының маманы Сырым колледжінің студенттерімен, Қадыр Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің оқушыларымен және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығында жұмысшы жастармен жүздесті. Басқосу барысында "Жастар арасындағы діни сауаттылықты қалыптастыру: өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары", "Рухани адамгершілік-құндылықтарды,ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті насихаттау" тақырыптары тереңінен тарқатылды.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы