12.10.2021, 10:43
Оқылды: 58

Дін сауаттылығы жайлы сөз етті

Бәйтерек ауданы Дариян ауылындағы Абай атындағы мектеп-гимназия-интернатында  БҚО Жастар саясаты мәселелері «Ғасыр» қоғамдық бірлестігінің теолог маманы Әсет Раманкұловпен кездесу өтті. Діни сауаттылықты арттыру, теріс діни идеологияның алдын алу, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау мақсатында өткен жиынға мектеп ұстаздары мен  9-11 сынып оқушылары қатысты.

FB_IMG_1633952253994
Жиында Әсет Раманқұлов ұлттық құндылықтарды ұлықтау, жат діннен қалай сақтану керектігі жайында сөз қозғады.
Көп жас діни сауатсыздығы мен білместігі салдарынан қателіктерге ұрынып, жат ағым жетегіне кетіп жатыр. Мұсылмандыққа бет бұрып, ата дінін ұстанғысы келген жан біліммін арттырғысы келсе, арнайы теолог мамандарға жүгіну керек, -деді кездесуде Әсет Раманқұлов.

FB_IMG_1633952249375
Басқосу барысында теолог оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға тұшымды жауаптарын  берді.

Гүлжан  Аязбаева, 
Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале