4.10.2022, 18:09
Оқылды: 50

Діни сауаттылық – баршаға ортақ міндет

Бүгін Қаратөбе ауданына дін мәселелері бойынша облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс сапарымен келді. Дін мамандары өзекті мәселелер бойынша түрлі аудиторияларда түсінік жұмыстарын жүргізді.

Дін3.jfif

Сапар барысында «Аманат-Жайық»  қоғамдық қорының теолог маманы Бағдат Адайхан аудандық мәдениет үйінде аудан мектептерінің  дінтану пәні мұғалімдері, мектептер директорлары мен орынбасарлары және бала-бақша тәрбиешілері қатысқан жиында  «Дін мен дәстүрдің ұштастығы» тақырыбында дәріс оқып, түсінік берді.

Дін2.jfif

Бағдат Қанатұлы қазіргі таңда жастар тарапынан дін бағытында күрделі сауалдар қойылып жататындығы жастарымыздың діни сауаттылығын көрсететіндігін айтты. Дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану бүгінгі таңдағы басты маңызды мәселе екендігін назарға салған Бағдат Қанатұлы қазір діни бағыттағы әдебиеттердің  қайсысы дұрыс, қайсысы теріс діни бағыттағы материалдар екендігін ажырата білу жолдарын айтып, түсініктер берді.

Вахабизмнің бұрын мәлім болған белгілерінің қазіргі таңда өзгеріп отырғандығы туралы айтқан теолог маман, қазіргі таңдағы олардың негізгі белгілерінің бірі дәстүріміздегі жеті ата ұғымын мойындамауы, оны қажет етпейтіндігіне тоқталды.

Аудан  мұғалімдері жиында айтылған мәселелерге біраз сауалдар қойды. Аудандағы байырғы мектептердің бірі Мұхит атындағы орта мектептің  директоры Бекжан Қойшекенов «Дін мен дәстүрдің ұштастығын» «Дін мен дәстүрдің ерекшелігі» турасында түсіндіру, екінші мәселе теріс діни ағымдағы 10 сайтты жабу мәселесін алға тартты.

Дін2.jfif

Сонымен қатар мектепке хиджаппен, орамал тартып  келетін оқушылар турасында әңгіме өрбіді. Ханкөл орта мектебінің директоры Жанар Омарова бұрын соңды кездеспеген  жас балалардың  сақал қоюы, қыз балалардың мектепке орамал тартып келуі турасында орынды сауалдар қойды.

Аудан мектептерінің  директорлары бұл аталған мәселелердің мектеп ережесіне сай келмейтіндігін айтып, мектепте оқушылар арнайы форма бойынша киінетіндігін алға тартты.

Ханкөл орта мектебінің мұғалімі Бекайдар Ақташев «Жастарымыздың діни сауатты болуы ата-ана мен мектеп мұғалімдерінің  діни сауаттылығына байланысты»,- деген пікірін ортаға салды. Діни сауатты болу баршаға ортақ міндет екендігі сөзсіз.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде аудан жастарымен басқосуда «Қазақстанда тыйым салынған ағымдар» тақырыбында түсінік берген «Ақиқат» қоғамдық бірлестігінің теолог маманы Тоқтар Пендебаев ойын ортаға салып, жастардың сауалдарына жауап берді.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале