2.10.2025, 9:00
Оқылды: 57

Діннің қоғамдағы орны мен дұрыс түсінудің маңызы

Тасқала ауданына PhD доктор, доцент, исламтанушы, дінтанушы Қайрат Құрманбаев іс-сапар келіп, бірқатар кездесулер өтті.

WhatsApp Image 2025-10-01 at 16.24.42 (1)

Кездесу барысында дінді дұрыс түсіну, қоғамдағы діни құндылықтардың рөлі және жат ағымдардың алдын алу мәселелері кеңінен қозғалды. Діни ақпараттық-түсіндіру жұмысы бірнеше бағытты қамтыды. Атап кетсек, Діни сауаттылықты арттыру – халық арасында дәстүрлі ислам құндылықтары мен шариғат қағидалары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, жат ағымдардың алдын алу – радикалды, экстремистік идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыру, олардың қателігін ашып көрсету, қоғамдық тұрақтылықты сақтау – ел ішіндегі бейбітшілік пен бірлікті нығайту. Ұлттық құндылықтарды насихаттау – дәстүрлі ислам мен қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрін сабақтастыру, әлеуметтік жауапкершілікті күшейту – діни сенімнің қоғамға, отбасына, тәрбиеге тигізер оң әсерін жеткізу.

Кездесу кестесіне сәйкес, түсіндіру жұмыстары әртүрлі топтармен жүргізілді. Ең алдымен аудандық мәдениет үйінде әскери қызметкерлермен (ТЖ, шекара, полиция) кездесу өткізді. Кейін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өткізді. Одан әрі аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесу өткізсе, әрімен қарай аудандық мешітте  жамағатымен кездесу өткізіп, қорытындылады. Қайрат Құрманбаев  өз сөзінде: «Дін – адамдарды бірлікке, татулыққа шақыратын құндылық. Дінді дұрыс түсіну арқылы ғана қоғамда тұрақтылық пен бейбітшілік орнайды», – деп атап өтті.

WhatsApp Image 2025-10-01 at 16.24.42

Аталған шаралардың негізгі мақсаты – дұрыс діни түсінік қалыптастыру, халықты радикалды идеялардан қорғау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдық тұрақтылықты сақтау болып табылады.

                                                                                                                                                                  Еламан Құспанов,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале