21.01.2023, 0:17
Оқылды: 35

Допты хоккейден аудан чемпионаты өтті

Бүгін допты хоккейден аудан чемпионаты өтті. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев, самбо күресінен танымал жаттықтырушы, аудандық қазақ күресі федерациясының Президенті Санат Берсебаев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлан Сәрсенов, “Қайсар” спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов қатысып командаларға сәттілік тіледі.

image-20-01-23-11-03-2

Мұз айдынындағы допты хоккей шеберлері тартысты ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде ІІІ орынды Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің және Жетікөл ауылдық округінің командасы өзара бөліссе, аудандық “Қайсар” спорт клубының командасы ІІ орынды қанағат тұтты. Өзгелерден оқ бойы оза шауып Талдыбұлақ ауылдық округінің командасы І орынға табан тіреді.

image-20-01-23-11-03

Одан бөлек Айбек Ермеков “Үздік қақпашы”,  Дәулетқали Телеген “Үздік ойыншы”,  Нұржігіт Ойшыбаев “Үздік қорғаушы”,  Қази Төлегенов “Үздік ардагер ойыншы” аталымдарына лайық деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, үздік деп танылған ойыншыларға “Қайсар” спорт клубы атынан диплом мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале