6.07.2023, 12:06
Оқылды: 85

Достық ауылдық округінің әкімі сайланбақ

Достық ауылдық округінің әкімін сайлауға қатысты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы өтті. Оған «Amanat» партиясының Бәйтерек аудандық филиалының, аудандық жастар ресурстық орталығының, «Ауыл тынысы» газеті редакциясының өкілдері қатысты.

IMG-20230706-WA0024

Жиында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов атап өткендей, сайлау арқылы халық өз таңдауын жасай алады. Бүгінде халық іскер азаматты әкім етіп тағайындап, әкіммен бірге ауыл-аймақтың дамуы үшін жұмыс атқаруы керек. Бұның елге берері мол. Осы әдіс Бәйтерек ауданында да жоғары қарқынмен жүзеге асуда.

Комиссия отырысында екі шешім қабылдады. 2023 жылдың 5 шілдедегі №15 шешіміне сәйкес 13 тамызда Достық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтетін болды. №16 шешімге сай Достық ауылдық округі әкімін сайлау комиссиясының сайлау округі құрылмақшы.

IMG-20230706-WA0023

Өз кезегінде сөз алған аудандық жастар ресурстық орталығы директоры Жанар Ғұбашева саяси маңызды шарада жылма жыл бәйтеректік жастар белсенділік танытатынын атап өтті. Сондай-ақ орталық сайлау комиссиясы отырысы барысында Достық ауылдық округінде құрылатын сайлау учаскелерінде саяси науқанды тиісті деңгейде өткізуге жауапты тұлғалар бекітілді.

IMG-20230706-WA0020

Қазіргі таңда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Достық ауылдық округ әкімі болуға ниетті азаматтардың құжаттарын қабылдауды бастады. Қандидаттардың құжаттарын қабылдау, тиісті құрылымдар тарапынан тексеруден өткізіп, тіркеу жұмыстары 23 шілденің жергілікті уақытпен сағат 18.00-ге дейін жалғасады. 23 шілде мен 12 тамыз аралығында үміткерлер үгіт насихат жұмыстарын жүргізеді. 12 тамыз - тыныштық күні. 13 тамыз таңғы сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін сайлаушылар өз кандидаттарына дауыс береді.

 

Гүлжаз Баделова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале