9.10.2022, 16:01
Оқылды: 96

Достық ауылы әкімін сайлауда

Бөрлі ауданы, Достық ауылындағы №85 сайлау учаскесінің комиссия құрамы 5 адамнан тұрады. Достық ауылдық округі әкімінің лауазымына үш үміткер бар.

Бірінші үміткер Тұрғаналиев Ганжа Ғұсманұлы 2018 – 2022 ж.ж. аралығында Достық ауылдық округі әкімі лауазымын атқарған. Екінші үміткер Абилова Лаура Тілекқабылқызы. 2015 жылдан бері қарай Жарсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқаруда. «AMANAT» партиясының мүшесі. Үшінші үміткер Жұмағалиев Ержан Нұрлыбайұлы. Қазіргі уақытта Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімі аппаратының бас маманы қызметінде.

4

-Бүгін 9 қазанда Достық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтуде. 85-сайлау учаскесінде 3 үміткеріміз бар. Сайлау жақсы қарқынмен өтіп жатыр. Ауылымызда 274 сайлаушы бар. Ауылда алғаш рет халық әкімді сайламақ. Сайлауды мейрам деп санап, халық өте көңілді келуде, – дейді №85 сайлау учаскесінің төрағасы Темірлан Меңдіғалиев.

a9fcde5e-0bed-4f87-9536-5d8cc939a2dc

-Құрметті ауылдастар, бүгінгі сайлау ойдағыдай өтіп жатыр. Достық ауылы ауданнан өте шалғай жерде орналасқан. Су, газ, жарық бар. Болашақ әкіміміз халықтың тұрмыс жағдайын бұдан да жақсартып, ауылымызды одан әрі көркейтуге еңбек етсе нұр үстіне нұр. Ауылымызда саябақ бар, қыста балаларға сырғанауға мұз айдыны іске қосылады. Ең бастысы жол аяқталып, ауыл мен қала арасында емін-еркін қатынасақ екен. Қазір әкімді ауыл халқы өзі дауыс беріп, сайлауға мүмкіндік берілді. Бұл жақсы жаңалық. Өзім осы ауылда тұрамын. Мал дәрігері болып жұмыс жасадым. Қазіргі уақытта зейнеткермін, – дейді ауыл тұрғыны Амангелді Ихсанғалиев.

 Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале