3.01.2026, 18:00
Оқылды: 49

Достық ауылының кіре берісінде жаңа арка орнатылды

Достық ауылына кіре беріс тұста ауыл атауы жазылған арка орнатылды.

IMG_7619

Ауылдық округ әкімі Әбубәкір Төлеуовтің айтуынша, он жылға жуық уақыттан бері бұл іс ойда жүрген, бірақ түрлі себептермен жүзеге аспай келді. Әр нәрсенің сәті бары рас қой. 2025 жылдың соңында ауылдың кіре берісіне көрікті белгі қойылды.
- Арка орнатуды – ауыл тұрғындары, соның ішінде жастар мәселе етіп біраздан бері көтеріп келе жатқан. Былтыр жыл соңына таман аудандық бюджеттен 7 млн теңге бөлінуіне орай осындай құрылмаға тапсырыс бердік. Макетін дайындауға үш айға жуық уақыт кетсе, құрылыс жұмыстары бір ай шамасында аяқталды. Ол темір қаңылтыр (профлист), сайдинг секілді металдан жасалған материалдардан құрастырылды. Байқоныс ауылдық округінің және Достық шекарасында орнатылған нысанның биіктігі – 5, ені – 11 метр. Кіре беріс бөлігіне «Қош келдіңіздер», ауылдан шығар жақта «Сәт сапар» деген жылы лебіздер жазылып, ауылға аяқ басқан немесе аттанып бара жатқан әрбір жолаушыға ізгі ниет сыйлайды. Арка кешкі уақытта да көз тартатындай етіп жарықтандырылған. Сәулеттік шешімі жағынан облыс орталығының кіреберісіндегі аркамен үндес,-дейді Достық ауылдық округінің әкімі Әбубәкір Төлеуов.

Сәнім Берік
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале