Балалардың білім алуы өз алдына, демалуы да – маңызды мәселе. Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев есептік кездесу кезінде балғындар үшін де жағымды жаңалық айтты.
Яғни, сырымдық ұл-қыздардың сүйікті демалыс орынына айналған Бұлан өзенінің жағасындағы «Достық» жазғы лагерінің ғимаратын биыл жөндеуден өткізуге 10 млн. теңге қаржы қарастырылыпты.
Сондай-ақ мектептерге жаңадан компьютерлер алуға да дәл осындай көлемде қаржы бөлінген көрінеді.
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер