30.04.2022, 18:04
Оқылды: 84

Достық туы паш етілді

1 мамыр мерекесіне орай Казталов ауданы жұртшылығы татулықты ту етіп, бір шаңырақ астында бас қосты. Аудан орталығындағы "Достық" саябағында "Бірлік - бақыттың бастауы" атты мерекелік шара өтті.

BC581E78-D172-49C2-A39E-6C63A2A2C251

Халықтар достығын насихаттайтын шарада мекеме қызметкерлері түрлі ұлт өкілдерінің киімдерін киіп, ұлттық тағамдарынан дәм ұсынып, сол тілде өз ұлттарын таныстырды. Бірі орыс, бірі башқұрт, бірі татар, әзірбайжан, қазақ, ұйғыр және өзге де ұлттарды насихаттаған сала қызметкерлеріне аудан әкімі Рүстем Зұлқашев ризашылығын білдіріп, арнайы даярлаған тағамдардан дәм татты.

7513320D-368A-4161-936A-272AB07A46EE

Шарада барлық ұлт өкілдері шеңбер жасап, аудан әкімі Рүстем Мүлкайұлымен бірге бейбітшіліктің символы көгершін ұшыру рәсімін жасады.

Мерекелік шарада түрлі ұлттардың әндері мен билері шырқалып, жұртшылық көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

 Әсем Халиуллина,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале