20.07.2024, 13:40
Оқылды: 136

Достықта «Activ» қосылуда

Достық ауылдық округінде мобильді интернет жүйесін жақсарту мақсатында «Activ» байланыс операторының базалық станциясы орнатылды. Енді үш фазалы счетчик қойылған соң достықтықтар бұл байланысты да қолдана бастайды.

InShot_20240720_133505019

Достық ауылдық округінде 6 000 тұрғын бар. Соның 5 000-ы Достық ауылында тұрады. Ауыл Орал қаласының маңында орналасқанымен мобильді байланыс, интернет сапасы айтарлықтай жоғары емес. Мұны тұрғындар біраз жылдан бері есептік кездесулерде де жиі көтеріп келе жатыр.

InShot_20240720_133440774

– Былтырғы өзімнің сайлауалды бағдарламамда ауылдағы байланысты жақсартуға күш салатынымды, соның ішінде Kcell мен оның интернет базасын дамытуды қолға алатынымды айтқан едім. Соған сәйкес өткен жылы Beеline-ды, биыл Kcell-ді іске қосып, ауылдағы байланыс жүйесін жақсартуға әрекет етіп жатырмыз. «Activ» байланыс операторымен 2022 жылдың желтоқсан айынан келіссөздер жүргізе бастадық. Десе де тұрғындардың тарапынан мобильді байланыс сапасына кері әсер етіп отырған іс-әрекеттер бар. Ол – тұрғындардың үйлеріне байланыс күшейткіш құралдарын (репитерлер) қоюы. Ауыл тұрғындары «Қазақтелеком» мен «Транс-телеком» АҚ-тың байланыс жүйелерін қолданады. Оны пайдаланатын тұрғындар ұялы байланыс сигналын күшейту мақсатында ретранслятор орнатқан. Бұл құрылғы жеке тұрғындар тарапынан дербес орнатылғанымен байланыс сигналын блоктауға және жедел қызмет түрлерін көрсетуде кері әсерін тигізеді. Сол үшін былтырдан бастап көптеген үйлер репитерлерді алып тастады. Алмаған тұрғындарға түсінік жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Чувашин ауылында «Activ», «Beeline», «Tele2» байланыс желілерінің 170 абоненті бар әрі интернетке қолжетімді. Ал Краснай Урал ауылында тек 20 абонент бар. Чувашин станциялары екі ауылды интернет желісімен қамтамасыз етуде. «Activ» байланысы желісінің құрылғысы іске қосқаннан кейін елді мекендердегі бұл бағыттағы түйіткілдер шешіледі деп ойлаймын, - дейді Достық ауылдық округінің әкімі Әбубәкір Төлеуов.

Салтанат Серікбайқызы

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале