6.05.2023, 12:06
Оқылды: 28

Дүбірге толы дала қызықтары

Бүгін мамырдың мамыражай күнінде Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай С.Меңдешев ауылдық округінде ауыл әкімшілігінің қолдауымен дала қызықтары өтуде.

IMG-20230506-WA0084

Бәйге десе делебесі қозып, қиқу қосып «ер қанаты ат» деп желпінетін халықтың да қарасы көп. Алаңға жиналған ауылдық округ тұрғындарына дала қызықтары ерекше көңіл-күй сыйлауда. Алдымен ауылдық округ әкімі Абзал Ғайноллаұлы тай жарысы мен құнан жарысына демеушілік еткен шаруа қожалық иелеріне алғыс хат табыстап, содан соң концерттік бағдарламаға кезек берілді. Одан әрі қатысушылар вело жарыстан сынға түсті. Қазіргі кезекте тай жарысы өтуде.

IMG-20230506-WA0085

IMG-20230506-WA0086

IMG-20230506-WA0083

IMG-20230506-WA0088

IMG-20230506-WA0087

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале