11.09.2024, 23:47
Оқылды: 111

"Дүбірлі додада спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетуде"

8-13 қыркүйек күндері аралығында Астана қаласында этникалық спорт түрлерінен V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары өтіп жатыр. 

image-11-09-24-11-29-1

Көшпенділер ойындарына әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар 21 спорт түрінен 97 медальды сарапқа салады. Байрақты бәсекеде спортшылар көкпар, күрес, садақ ату, арқан тартыс, асық ату, бәйге, жамбы ату, құсбелгілік, ауысдарыспақ ойындарынан сайысқа түсетін болады.

- Елімізде өтіп жатқан V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары жоғарғы деңгейде өтуде. Дүбірлі додада еліміздің намысын қорғап жатқан спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп, ел қоржынына жүлделі орындарды байлады. Осындай ойындар арқылы еліміздің тарихын біле алады. Сонымен қатар жарысты өткізу барысында әрбір келуші жандар қазақ халқының және қатысушы елдердің мәдениеті мен дәстүрлерімен танысып, мол мәлімет ала алуда. Әуелі түбі бір түркі елдерін табыстыратын спорттық мерекенің ашылу салтанатында әлемнің түкпірінен келіп жатқан спортшылар таңқалып, концерттен кейінгі сезімдерімен бөлісіп жаттыр. Бұндай тартысты өтіп жатқан жарысқа келіп, көргеніме өте қуаныштымын, - деді дүбірлі додаға барған Казталов аудандық спорт бөлімінің басшысы Берік Сергейұлы.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале