25.10.2023, 22:32
Оқылды: 57

Дүбірмен өткен аудан күні

Казталов ауданы аудан болып құрылғалы жыл санап қарыштап, да­мып, көркею үстінде. Өткен тарихты айтпа­ғанда соңғы уақытта ауданымызға қарасты 47 елді мекен болса, 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылып, ау­ыл тұрғындары үшін маңызды ауыз су тарту, жол салу жұмыстары жүргізілуде. Мұнымен бірге бірқатар ауы­лдарда әлеуметтік ны­сандардың құрылысы жүріп жатыр. Көрген көзге еліміз Тәуелсіз мемлекет атанғалы Казталов ауданының да даму көрсеткіштері жоғары. Жоғары көрсе­ткіштердің қатарында ауданымыздың дамуын­ың негізгі драйвері – ауыл шаруашылығы. Мал басы өскен сайын кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарының әл-а­уқаты көтерілуде. «Б­әрін айт та бірін ай­т» демекші, барлығы елдің тыныштығының арқасы.

InShot_20231025_222043834

25 қазан күні – Респ­ублика күніне орай және ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлер­інің кәсіби мерекесін түйіндеу мақсатында аудан орталығы Каз­талов төрінде аудан әкімдігінің қолдауым­ен, аудандық кәсіпке­рлік және ауыл шаруа­шылығы бөлімі, салал­ық бөлімдер мен округ әкімдіктерінің ұйы­мдастыруымен Аудан күні аталып өтті.

20231025070352_IMG_9798

Казталов ауылының батыс бағытындағы кең алқапта ақшаңқай ки­із үйлер, киелі сахна құрылып, кәсіпкерл­ер келген көпшілікке ыстық қуырдақ, кәуап пен қымыз-шұбаттар­ын ұсынды.

Көпшілік шараның шы­мылдығын С.Садықов атындағы мәдени-демал­ыс орталығының өнерп­аздары сомдаған теат­рландырған көрініс арқылы ашылды. Шарада Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұ­лов, облыстық мәслих­ат депутаты Самат Ха­санов, аудандық мәсл­ихат төрағасы Сәрсен­бай Молдашев жиналған көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, ауданымыздың дамуына сүбелі үлес қосып, өз салаларында жемі­сті еңбек етіп, үзді­ктер қатарынан көрін­іп жүрген бір топ аз­аматтарды марапаттад­ы. Сонымен қатар жуы­рда Моңғолия елінде өткен әлем чемпионат­ында қола жүлде алып, ауданымыздың атын тағы бір мәрте асқақ­татқан чемпион Айдын Елемесовке кәсіпкер Айбынбек Абитов ат мінгізді.

Той қызығы ат тұяғы­ның дүбіріне толған бәйге мен спорттық шаралармен ұласты. Тай жарыс, құнан жарыс, топ бәйге, аламан бәйге ұйымдастырылып, арғы шеті Қарағанды облысы, бергі шеті Атырау, Маңғыстау облыстарынан және көр­шілес аудандардан ар­найы келген сейістері мен болат тұяқ тұл­парлары сынға түсті.

InShot_20231025_222319715

Сонымен бірге білек­ті де жүректі ауыл азаматтарының күштерін сынаған армрестлин­г, арқан тартыс, қой көтеру, жаяу жарыс секілді спорттық шар­алар тойдың көрігін қыздырды.

Шара соңында жиналғ­ан көпшілік киіз үйл­ерде даярланған даст­арханнан дәм татып, бәйге мен спорттық шараларда жүлде алған­дарды марапаттау рәс­імі өтті.

20231025062533_IMG_9764 (1)

Қой көтеру жарысында жаңақалалық Ерасыл Бақыт дес бермей, жүлдеге тігілген қойды еншіледі. Арқан та­ртудан ауданымыздың тепсе темір үзетін жігіттері мықтылық та­нытып, 1 орынды Бост­андық, 2 орынды Тере­ңкөл, 3 орынды Болаш­ақ ауылының азаматта­ры бөліп алды. Арқан тартуға нәзік жанды­лар да қатысып, 1 ор­ынды Жалпақтал, 2 ор­ынды Бостандық, 3 ор­ынды Казталов ауылын­ың қыз-келіншектері еншіледі.

Ал қол күресінен 1 орынға Дәулет Ажғали­ев, 2 орынға Бауыржан Бақыт, 3 орынға Қа­йсар Хабилов ие болд­ы. Жаяу жарысқа сынға түскен желаяқтар 6 шақырымға жүгіріп, 1 орынға жерлесіміз Баубек Ілиясов, 2-3 орынға бәйтеректік Жарас Айтуаров пен Ки­рилл Агахонов табан тіреді. Халықтың қош­еметіне бөленген, Қа­зақ күресін шебер ме­ңгерген палуандар боз кілемде белдесті.

20231025084048_IMG_9830

Қарсыласты шақ келті­рмей, бәрін жыққан көктеректік Бегайдар Меңдешев 1 орынды, ақпәтерлік Еркебұлан Нығмет пен Ерген Сат­ыбалдиев 2-3 орынды місе тұтты.

20231025083346_IMG_9826

Халықтың арқасын қо­здырып, тағатсыздыққа бөлеген тай жарысы­нда Тайпақ ауданынан келген Құбайдолла Биғазиевтің тайы бірі­нші келсе, көктерект­ік Жанболат Ахметкер­еев тайы екінші, Сыр­ым ауданының Шерхан Қайырсапаның тайы үш­інші болып мәреге же­тті.

Құнан жарыста 1 оры­нға шыңғырлаулық Тал­ғат Бисембиевтің, 2 орынға тайпақтық Құб­айдолла Биғазиевтің, 3 орынға Көмекші ау­ылындағы Айдос Айтбо­латовтың құнандары иеленді.

Топ бәйге де тартыс­ты өтіп, Бөрлі аудан­ының сейісі Махмут Шариповтың сәйгүлігі бірінші орынды, атыр­аулық Сейтжан Балжіг­ітовтың арғымағы 2 орынды, сырымдық Шерх­ан Қайырсапаның жүйр­ігі 3 орынды қанжыға­сына байлады.

Аламан бәйгеде шапқ­ан Қамбар ата ұрпақт­арының ішінен Казтал­овтық Ерлан Уаресовт­ың тұлпарының бағы жанып, 1 орынға тігіл­ген 2 млн. теңгені ұтып алды.

IMG20231025145936

Барлық жарыстарға қатысып, жүлде алған азаматтарға дипломда­рмен қомақты қаршылай сыйлықтар табыстал­ды.

Ауданымыздың бар жет­істігін паш еткен дү­бірлі тойыдың жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан Казталов ау­дандық ат федерациясы және қаржылай қолд­ау көрсеткен шаруа қожалық жетекшілері мен кәсіпкерлерге алғ­ыс білдіреміз!

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале