2.02.2023, 14:30
Оқылды: 42

Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтті

Бүгін Жаңақала колледжінде аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, сайлау комиссиясының мүшесі Марс Жұмалиев кәмелеттік жасқа толған студенттер мен ұстаздарға Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты жас сайлаушылармен кездесіп, сайлау процедураларын түсіндірді.

IMG_6811

- Будапештте 2005 жылы ақпанның бірінші бейсенбісінде дүниежүзілік сайлау күнін атап өту қабылданған. Соған байланысты аудандық сайлау комиссиясының атынан сіздерге келіп отырған жайым бар. Осы білім ордасында бірінші рет дауыс беретін азаматтар мен азаматшалар бар. Мақсатым – сіздерге аз да болса сайлау жөнінде мағлұмат беру.

2022 жылы 16 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауында «жаңғырудың басты мақсаты – азаматтардың мемлекетті басқару үстіндегі рөлін арттыру, бұл жұмысты сайлау үрдісі арқылы жүзеге асырамыз» деген болатын. Соған байланысты бізде қазір пропорционалды, мажоритарлық үлгіде сайлау жүйесі қолданылмақ. Бұған тоқтала кетсем парламенттің 70%-ы пропорционалды, 30%-ы мажоритарлық болады. Ал облыста 50%-ы пропорционалды, 50%-ы мажоритарлық. Аудандарда толық 100% мажоритарлық жүйе қолданылмақ. Мажоритарлық жүйе дегеніміз – сайлау кезінде сайлаушылардың көп дауысын алған үміткер партия болсын, өзі түсіп жатқан кандидат болсын 50%-дан жоғары дауыс алса көп дауыспен сайланған болып есептеледі.

IMG_6812

Өздеріңізге мәлім мемлекет басшысы 19 наурызда парламент мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауын тағайындаған болатын. Осыған орай бізде бір аудандық-аумақтық, бір облыстық-округтік сайлау комиссиясы жұмыс жасайды. Облыстық дегеніміз – облысқа түсетін үміткерлерді тіркейтін комиссия. Жәнібек, Жаңақала, Бөкей Орда аудандарына бір округ құрылып, №1 облыстық сайлау комиссиясы бізден ашылып отыр. Өзімізде 24 сайлау учаскесі болатын. Қазіргі таңда сол учаскелердің жұмыстары пысықталуда. Осының үстіне 11 округтік сайлау комиссиясы құрылды. 11 округ бойынша 11 депутат сараланатын болады. Оған қанша кандидат түсетіні әркімнің өзінің құқығы. 20 жастан асқан әрбір қазақстандық үміткер болып тіркеле алады. 11 округ бойынша 11 сайлау учаскесі құрылды. Аққұс елді мекенінде сайлаушылардың күрт азаюына байланысты біздер ол учаскені жауып, Борық саулау учаскесіне қосып,  орнына сол нөмір бойынша аудан орталығынан тағы бір сайлау учаскесін аштық. Аудан әкімдігімен, аудандық, облыстық сайлау комиссияларымен келісіп №3 ЖОББ мектебінің ғимаратынан сайлаушыларға қолайлы және қатынасқа ыңғайлы болуы үшін жаңа сайлау учаскесін аштық. Қазіргі таңда аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар 8 ақпанға дейін құжаттарын тапсырады. 8-15 ақпанда тіркеу басталады, 18 ақпан-18 наурыз айларында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. 19 наурыз таңғы сағат жетіде сайлау учаскелері өз жұмыстарын бастайды, - деді Марс Такесұлы.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале