1.02.2024, 16:15
Оқылды: 48

Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтті

Жуырда Жаңақала ауданына жаңадан сайланған аудандық аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерімен танысу және сайлау комиссияларының материалдық-техникалық базасымен танысу бағытында жұмыс сапарымен облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов, комиссия мүшесі Райымбек Нұрекешев,  комиссия мүшесі, әрі аудан кураторы Фархад Хайретдинов келді.

8fa87f40-046f-47db-ba09-633c996e7766

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы орналасқан «Рухани орталық» ғимаратындағы фотогалереяны көріп, комиссия орналасқан бөлмелерді аралады. Сондай-ақ ақпан айының бірінші бейсенбісінде өтетін Дүниежүзілік сайлау күніне байланысты ұйымдастырылған «Сайлау - үлкен жауапкершілік пен азаматтық парыз» атты жасақталған көрме, халыққа сайлауға қатысты ақпарат таратылатын дауыстап оқу бұрышы жұмысымен танысты.

Аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмардың қатысуымен өткен жиында Әділ Тауфиқұлы сайлау жұмысының маңыздылығын, ашықтылығын, қоғамда азаматтық белсенділіктің қарқындап даму барысында азаматтардың еркін білдіруін жүзеге асыруда олқылықтар болмауы керектігін нақтылап айтты.

Келесі сөз кезегін алған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Бақтыгереев аудандық сайлау комиссиялары мүшелеріне жеке-жеке тоқталып, бекітіліп берілген лауазымдық нұсқаулықтарына қоса учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын үйлестіріп отыру бағытында жетекшілік жұмысы бөлініп берілгенін айтты.

Сондай-ақ аудандағы 24 учаскелік сайлау комиссиясының орналасуы, керекті құралдармен қамтылуы, қоғамдық бірлестіктер және тиісті мекемелермен қарым қатынастың жақсы жолға қойылғанын, өткен сайлаулардың өту барысы және биыл күз айында Мәстексай, Жаңақазан ауылдық округі әкімдерінің кезекті сайлауы  өтетініне кеңірек тоқталды.

Сайлау комиссиялары құрамының 73,6 пайызы жаңаруына байланысты комиссия мүшелерінің біліктіліктерін арттыру бағытындағы жұмысты басты бағытта ұстайтынын баяндады.

Руслан Қонысбайұлы жаңадан сайланған барша комиссия мүшелерін құттықтап, жұмыстарына табыс тілеп, алдағы уақытта да заңдылық шеңберіндегі тиісті жұмыстарды бірлесе атқаратынына сенім білдірді. Отырысқа қатысқан комиссия мүшелері өз ұсыныстарын, пікірлерін ортаға салып, тұшымды жауаптарын алды.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале