28.01.2026, 14:30
Оқылды: 34

Дүниежүзілік сайлау күні – демократиялық құндылықтардың айқын көрінісі

38ad47fd-7bf3-4396-8df1-0b136aeb2271

Дүниежүзілік сайлау күні – демократиялық қоғамның негізін құрайтын сайлау институтының маңызын айқындайтын ерекше күн. Бұл күн азаматтардың сайлау құқықтарын қорғау, сайлау процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамның саяси мәдениетін арттыру мақсатында атап өтіледі.

Сайлау – халықтың еркін білдіруінің негізгі тетігі. Сондықтан оны ұйымдастыру мен өткізуде заңдылықты сақтау, әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету – сайлау комиссияларының басты міндеті. Осы орайда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау науқандарының жоғары деңгейде өтуіне жауапты маңызды орган болып табылады.

Бүгінде елімізде сайлау жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар реформалар жүзеге асырылуда. Бұл өзгерістер сайлау процесіне деген қоғамдық сенімді арттыруға, азаматтардың белсенділігін күшейтуге және халықаралық стандарттарға сай ашық сайлау өткізуге бағытталған. Сайлау комиссияларының кәсібилігін арттыру, бақылаушылар институтын дамыту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту – осы реформалардың негізгі бағыттарының бірі.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы аталған міндеттерді орындау барысында сайлау заңнамасының талаптарын қатаң сақтай отырып, сайлаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлуде. Комиссия мүшелері өздеріне жүктелген жауапты міндеттерді абыроймен атқарып, сайлау процесінің заңдылығы мен әділ өтуін қамтамасыз ету жолында жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді.

Дүниежүзілік сайлау күні – әрбір азаматты ел тағдырына бейжай қарамауға, өз таңдауына жауапкершілікпен қарауға шақыратын маңызды күн. Демократиялық қоғамның дамуы азаматтардың сайлауға белсенді қатысуымен тығыз байланысты.

Мемлекет басшысы  Қ.Тоқаевтың  2020 жылғы 1 қыркүйектегi Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2021 жылғы 15 қаңтардағы VII шақырылымдағы Парламенттiң бiрiншi сессиясында айтылған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң әкiмдерiн тiкелей сайлауды енгiзу туралы тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылғы сәуір айында Ақсоғым және Ұзынкөл, мамыр айында Ақжайық, Аңқаты, Долин, Покатиловка және Приречное ауылдық округтері әкімдерінің сайлаулары өтіп, ауыл тұрғындары өз таңдауларын жасады. 2026 жылы өкілеттілік мерземінің аяқталуына байланысты Шағатай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.  Ендігі жерде осы заң талаптарына сай,  ауылдық округ және аудан әкімдерінің  сайлауы  кезең кезеңімен өткізілетін болады. Бұл өз кезегінде жергілікті жердегі ауыл тұрғындарына өздерінің қалаған басшыларын сайлап алуға зор мүмкіндік.  Сондықтан да еліміздің соның ішінде аудан, ауылымыздың дамуына бей-жай қарамайтын әрқайсымыз осы бір саяси науқандарда Конституциялық  құқығымызды  пайдалана  отырып, өз еркімізді білдіру баршамыздың  борышымыз. Жалпы біздің аудан сайлаушылары әр деңгейдегі саяси науқандардың барлығында да белсенділіктерін танытып келеді. Алдағы уақытта да жергілікті өзін-өзі басқаруды және азаматтық қоғам институттарын дамыту арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған институционалдық реформаларды іске асыруда белсенді азаматтық ұстаным танытатынына сеніміміз мол.

Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы атынан сайлау процесінің барлық қатысушыларын демократиялық дамудың негізгі элементі ретінде сайлау жүйесінің маңыздылығын атап өтуге арналған мерекемен құттықтаймын.

Аудан тұрғындарына белсенді азаматтық ұстаным, ал сайлауды ұйымдастырушыларға өз жұмысында кәсібилік, ашықтық және жауапкершілік тілеймін.

                                                                       А.Бисенғалиев,

Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале