17.01.2024, 13:00
Оқылды: 109

Дзюдо жарысынан жүлделі оралды

Жуырда Оралда дзюдо күресінен 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер мен қыздар және 2004-2005 жылы туған жастар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты мәреге жетті.

Дзюдодан жүлделі

Осы облыс чемпионатына Жаңақала ауданының балалар жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо бөлімінің жаттықтырушысы Ернар Губайдуллин дайындаған спортшылар да жеңістің биік тұғырынан көрініп, жеңімпаз атанды.

Атап айтсақ: 63 келі салмақ дәрежесінде Альмира Шарипова жүлделі ІІ орын, +90 келі салмақ дәрежесінде Сабырхан Сабырғали ІІ орынға ие болды.

Жүлдегер атанған спортшыларымыз алдағы қаңтар айында ел чемпионатында облыс намысын қорғайды.

А.Қазиева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале