Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы мен “Асыл ана” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай “Ұранды елді ұрпағы қайсар” атты патриоттық кеш өтті.
Жиын барысында библиографиялық шолу жасалып, “Дала асханасы” көрмесіне таныстырылым жүргізілді. Сөз алған мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ақерке Сансызбайқызы барша жерлестерді меремекен құттықтады. Әуезді ән шырқалып, ырғақты би биленді. Күмбірлете күй тартып, құйқылжыта жыр төккендер де ортадан табылды.
Әрі қарай, сөз кезегі зейнеткер Құмарғали Қайыржанұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайырғали Үмбетқалиұлына беріліп, ізгі лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, төраға өмірден өткен ҰОС ардагерлерінің ұрпақтарына алғысхат табыс етті. Мерекелік кеш “Қазақтың батыр қыздары” әнімен мәресіне жетті.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы