7.09.2022, 10:00
Оқылды: 142

Егін ору науқаны ырғақты өтуде

Шыңғырлау ауданының шаруашылық құрылымдары 2022 жылғы егін жинау жұмыстарын үлкен ыждағаттылықпен, жауапкершілікпен жүргізуде. Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегіндегі мәліметтер бойынша, 3278 гектар алқапта дәнді дақылдар бастырылды. Нақтырақ айтсақ, күздік бидай  - 1061 гектар, күздік қара бидай – 588 гектар, жаздық бидай - 620 гектар, арпа – 493 гектар, тары – 516 гектар, Астықтың орташа өнімділік 33,8 ц/га, бұл жинауға жататын жалпы алаңның 77,7% - ын құрайды, демек 4218 гектар жердің дәні орылды деген сөз.

2020_09_22_1503456728_article_b

Суреттің дереккөзі: egemen.kz

Жиылып, теріліп, қамбаға тасылған астықтың жалпы көлемі 11079,4 тонна. Оның ішінде күздік дақылдар – 7212,4 тонна, жаздық бидай – 1366,2 тонна,  ал арпа – 910,8 тонна, тары – 1590 тонна.  Жарамсыздығына байланысты биылғы науқанда егінннің 352 гектар дәнді дақылдар себілген алқабы есептен шығарылды, - дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Рүстем Еслямов.

Шыңғырлау ауданы соңғы жылдары майлы дақылдарға басты назар аударып, жыл сайын оның егіс көлемін көбейтуге тырысып келеді.

Майлы дақылдар орылып, жалпы көлемі 1025 гектар жерден жиналды.  Атап айтсақ, мақсары - 1025 гектар, әр гектарына  10  центнерден өнім беріп, бүгіндері 1026,0 тонна өнім алынды.

Сондай-ақ тамаққа тұтынатын бірден - бір өнімнің бірі картоп деп санасақ, бұл өнімнің де 25%-ы жиналды, өнімділігі 130 центнер. Мол өнімнен әзірге 325 тоннасы, көкөніс дақылдарының 92,2%, барлығы 693,6 тонна көкөніс жиылып, сауда нүктелері мен қамбаларға тасылды. Аудан көлемінде бақша дақылдарының 96%-ы жиналып, 782,6 тонна өнім алынды.

Айсұлу Муса,

                                                   Шыңғырлау ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале