Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бәйтерек ауданында жұмыс сапарымен болып, диқандармен, бағбандармен жүздесті.
Өңір басшысы атап өткендей, бұл сапардың мақсаты – егін науқанының жүру және күздік дақылдарды егу барысын қарап шығу. Сонымен қатар ішкі нарықты жергілікті көкөніс, бақша өнімдерімен қамту үшін олардың алқабын кеңейту және заманауи көкөніс сақтау қоймалары да қажет. Сол себепті бұл бағыттағы да жұмыстарға да назар аудару маңызды.
Облыс әкімі осы сапары барысында Рубежин, Құрманғазы, Сұлукөл, Дариян ауылдық округтеріндегі шаруашылықтарда болып, егін ору, бақша өгімдерін жинау, сақтау жұмыстарымен танысты.
Айта кету керек, қазіргі таңда ауданда күздік егінді жинау науқаны аяқталды. 48506,3 гектарға егілген бұл дақылдан 73293 тоннадан астам өнім алынды. Орташа өнімділік гектарына 17,3 центнерден келді. Ал 108555,4 гектарға егілген жаздық дақылдардың 70 пайызы жиналды. Әзірге оның орташа өнімділігі гектарына 10-12 центнерді құрап отыр.
Сәкен Мұратұлы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz