14.05.2021, 21:48
Оқылды: 26

Егін салуға білім ғана емес, жаңашылдық та керек

Көктемгі далалық жұмыстар қайнап жатыр. Дала төсін техникамен толтырып, тынымсыз еңбек үстінде жүрген шаруашылықтардың бірі –«АгроСервисБатыс» ЖШС.

BCEC45DC-8C8A-40D4-8C90-3F6198AC3BFD2005 жылы құрылған серіктестік аудандағы Сұлукөл және Чиров ауылдарында жұмыстанады.

Биыл «АгроСервисБатыс» ЖШС өздерінің серіктесімен бірге жалпы 4000 гектардан астам жерге күздік бидай еккен. 3000 гектар жерді парға қалдырған. Сонымен қатар жаздық бидай мен күнбағыс себу ісін де ойдағыдай атқарып келеді. Серіктестік басшысы Армат Бисеновтің сөзінше, олар күнбағыстың «Пионер», «Сингента», «Ли магрей», «Сингента брио рокки» және басқа да сұрыптарын егуде. Шаруашылық алқабынан жаздық бидайдың да бірнеше түрін кездестіруге болады.

-Былтыр еккен күздік бидайдың өнімін тыңайтқыштардың күшімен алдық. «Амофос», «Селитра» сияқты тыңайтқыштармен алқаптарымызды өңдеп шықтық. Серіктестік егін алқабын міндетті түрде тыңайтқыштармен өңдейді. Ол біздің жоспарымызға енгізілген. Жыл басында егіс науқанына қажетті тыңайтқыштар аламыз. Күздік дақылдарды бір рет түрлі ауруларға қарсы, екі рет зиянкестерге қарсы өңдейміз,- дейді Армат Ғимранұлы.

5926AC86-E896-45FB-9830-A00A1C71959F

Серіктестікте оған қажетті барлық техника бар екен. Күні бүгін 300 гектарды өңдеген диқандар алдағы уақытта бұл жұмысқа қарқын қоспақ.

Егін салуда жаңа технологияны қолданып жүрген «АгроСервисБатыс» ЖШС болашақта алынатын өнімді көбейтуді көздейді. Ол үшін түрлі тәжірибелер жасап, әр алқапты мықтап қадағалауда. Арман Бисенов ауыл шаруашылығына жаңашылдықты енгізуге керекті мамандар да, мүмкіндік те бар екенін айтты.

-Егіс алқабында өздеріңдей жастардың еңбек етіп жүргені қуантады. Сондай-ақ тәжірибе жасаудан қаймықпай, жаңашылдыққа ұмтылып жүргендеріңіз де құптарлық іс. Тек егінді ғана емес, мал азығы, соның ішінде люцерн егуді де қолға алған жөн. Өйткені осы күні ол дақылға деген сұраныс артуда, - деді аудан әкімі Марат Тоқжанов.

Кездесу соңында Армат Бисенов алдағы уақытта өзі қызмет жасапотырған ауылда мал шаруашылығын дамытсам деген ойы бар екенін де жеткізді.

Дала жұмыстарының барысын бағамдау сапары барысында аудан басшысы Сұлукөл ауылы маңындағы «Мар-Эль» ШҚ егіс алқабына да барды.

2500 гектардан астам жерге күнбағыс егуді қолға алған шаруашылық барлық жұмыстарды аяқтаған. Атқарылған жұмысқа оң бағасын берді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале