Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылының тұрғындары сенбілік ұйымдастырды. Округ басшысы Ринат Ескендіровтың бастамасымен қолға алынған тазалық күніне ауыл тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен жастар белсенді қатысты.
- Сенбілік барысында ауыл маңындағы Матвеевка өзенінің жағалауы, ауыл ішіндегі Достық, Ынтымақ, Мектеп көшелері тазартылды. Жалпы 30 тоннадан астам қоқыс шығарылды, - дейді ауыл әкімі Р. Ескендіров.
Округ әкімі бұндай тазалық шараларын дәстүрлі түрде өткізіп тұру жоспарда бар екенін айтады.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы