Интернет жер шарының түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатқан адамдарды бір-бірімен байланыстырушы құрал ретінде қолданылады.
Бүгінде әлемді әбігерге салған коронавирус инфекциясына байланысты оқу жүйесі онлайн форматқа көшіп жатқан кезде интернетсіз ештеңе бітпейтіні анық. Интернет жылдамдығының күшеюі жұмыс пен сабақтың әлдеқайда сапалы орындалуына септігін тигізеді. Осы бір тұста Егіндікөл ауылы 4G интернетке қол жеткізіп, ауыл халқының қуанышында шек жоқ.
– «Beeline» ауылдық жерлердің жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылуы үшін барын салуда. Біз қондырғыларды жаңартып, желінің таралымын жақсартып жатырмыз. Осының бәрі шалғайдағы абоненттеріміздің ірі қалалар тұрғындарымен салыстырғанда көрсетілетін қызмет сапасынан айырмашылықты сезінбеуі үшін жасалуда. «Beeline» ірі елді мекендерден тыс жерлерде жақсы таралған. Ұшқыр интернеттің шағын ауылдарға дейін жетуі – компаниямыздың еліміздің цифрлануына қосқан кезекті үлесі, – дейді «Beeline Қазақстанның» маркетинг директоры Максим Цвыков.
Үміт Шурина,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz