Қаратөбе аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің өткен сандарының бірінде қайырымды егіндікөлдіктер туралы «Доп теуіп те қайырымдылық жасауға болады» деген мақала жарияланған болатын. Дәстүрге айналған шағын футболдан түскен қаражат игі істер жасауға бағытталды. «Бұл жолғы қаражатқа бір отбасыға газ кіргізіміз» деген еді футбол ұйымдастырушысы Ерлан Қуанғалиұлы.
Жиналған қомақты қаражат өз мақсатына, яғни бұл күнде қыздарымен бірге тұратын жалғызбасты әке Сабанов Рахымғали ағамыздың үйіне газ кіргізуге жұмсалды. «Оң қолың бергенді сол қолың көрмесін» демекші, жақсылықты үлгі ретінде жариялап, жақсының жақсылығын айтудың еш әбестігі жоқ деп редакциямызға Егіндікөл ауылының тұрғыны Райгүл Рахымғалиқызы хабарласып: «Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық турнирінің ұйымдастырушысы Ерлан Қуанғалиұлына алғысымды білдіремін. Үйімізше газ кіргізіп беруге ұсыныс жасаған барша ауыл тұрғындарына алғысымыз шексіз!» деп жылы лебізін білдірді.
Бірлігі бекем, жастары жалынды, қайырымдылыққа жаны құштар егіндікөлдіктердің істері көпке үлгі.
Үміт Шурина,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz