Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен Егіндікөл ауылдық округі əкімінің сайлауы ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне тағайындалған болатын.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің əкімдерін сайлау бойынша 10 қыркүйекте Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылындағы №271 Егіндікөл сайлау учаскесінде ауыл əкімінің сайлауы өтуде.
№271 Егіндікөл сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 7-де басталды. Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалды.
Сайлаудың ашылу салтанатын учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қуанғали Нұрсұлтанов құттықтау сөз сөйлеп ашты.
Ауыл тұрғындарының сайлауға қатысуы қарқынды. Алғашқылардың бірі болып ауыл тұрғыны, аудандық мәслихаттың депутаты Берік Ізмағанбетов, ауыл зейнеткері Ибрай Жұмабековтер дауыс берді.
Дауыс берушілер заң шеңберінде өз таңдауларын жасап, сайлауға белсене қатысып жатыр.
Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 433 сайлаушы тіркелген.
№271 Егіндікөл учаскелік сайлау комиссиясының таңғы сағат 8-дегі мəліметіне сәйкес 40 сайлаушы, яғни дауыс берушілердің 10 пайызы дауыс беріп үлгерген.
Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz