27.01.2017, 18:40
Оқылды: 68

Екі ауылда дәріхана ашылды

????????????????????????????????????

  Денсаулық сақтау саласының әлемдік стандарттарға сай дамуына серпін берген Елбасының «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында Зеленов ауданында талай жақсылық қолға алынды. Бұрын ауданның бірнеше ауылдық округінде дәрігерлік амбулаториялар салынса, енді екі ауылда дәріхана ашылды.


  Достық ауылында пайдалануға берілген дәріхананың ашылу салтанатына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мәншүк Аймурзиева, «Талап» АҚ-ның президенті Ольга Дунаева, аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов қатысты.

 Ауыл тұрғындарын қуанышқа бөлеген салтанатты жиында Мәншүк Құдайбергенқызы: «Кезінде ауыл түгілі облыс орталықтарындағы дәріханалар жабылып қалғандығын барлығымыз білеміз. Енді міне заман түзеліп, еліміздің еңсесі көтерілген шақта тек қаламызда ғана емес, ауылдық жерлерде де халыққа қажетті дәріханаларды ашып жатырмыз. Былтыр облысымызда осындай 7 дәріхананы ел игілігіне бергенбіз. Биыл да ол сауапты істі жалғастырып жатырмыз. Енді Достық ауылының тұрғындары өздеріне қажетті кез-келген дәріні ала алады. Бұндай қуаныш облысымыздың барлық ауыларында іске асуына күш салатын боламыз,-деді.

  -Былтыр ауданымыздың 4 ауылында дәрігерлік амбулатория аштық. Биылғы жылдың басында 2 дәріхананы тапсырып жатырмыз. Бұның барлығы елді-мекен тұрғындары үшін жасалып жатырған іс. Осындай қуаныш көп болсын,-деді Асылұлан Тұрсынұлы.

  Бұдан соң осындай қуаныш Махамбет ауылында да жалғасты. Біраз жылдан бері облыс орталығына қатынап, қажетті дәрі-дәрмегін алып жүрген махамбеттік ағайынның қуанышында шек болмады.

  -Ауылдық жерлерде дәріхананың ашылып жатқаны еліміздің дамып келе жатқанының белгісі. Осы бір сауапты істі қолға алып, тұрғындарымызды үлкен қауанышқа бөлеген облыс, аудан басшыларына деген ризашылығымыз шексіз. Осындай қуаныш еліміздің әр ауылында болсын,-деді ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Сатаев.

  Елбасымыздың 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтау бағдарламасын іске асыру шеңберінде қолға алынған бұл іске қос ауыл азаматтары разы. Енді дәрі-дәрмекке мұқтаж тұрғындар қажеттілігі үшін облыс орталығына барып жүрмейтін болды.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Назым Төнеқұлова. Зейнеткер

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале