25.11.2020, 10:09
Оқылды: 26

Екі ерліктің тарихы

Менің атам Нығмет әкесі Сегізден екі ұлдың бірі болып өмірге келіпті. Атам баланың үлкені болғандықтан, енші алып бөлек шыққанда інісі Имаш әке-шешесінің қолында қалған. Сегіз атамыз діни кітаптарды көп оқыған сауатты кісі екен. Алдын болжап отыратын көрегендігі де болған. 1907 жылы (кенже баласы Имаштың ұлы) немересі Жәрдем жарық дүниеге келгенде ауылдастары «Ата, немерелі болдыңыз, бауы берік болсын!» деп сүйінші сұрағанда ол: «Бұл баланың бауы берік болмайды, тек бейнетке туып жатыр» депті көптің жағасын ұстатып.

75-1

Имаш ата 1926 жылы тумаларымен бірге құмнан көшіп келіп, қазіргі Атамекен ауылдық округіне қарасты Сарықамыс деген жерге қоныстанады. Аталардың негізгі қонысы Жаңақаланың №12 ауылы болған. Беріштің Бесқасқа руынан.

«Сол бейнетке туып жатыр деген Жәрдем аға Сарықамыстан әскерге алынды. Оны ауыл адамдары жиналып шығарып салды. Ер азаматтар «Қисықсайға дейін барамыз» деп бірге ілесіп кетті», - деп анам айтып отырушы еді. Бұл шамамен 1927-1928 жылдары болған шығар деп болжаймын.

Ағамыз әскерден келген соң Шыңғырлау ауданы және Орал қалаларындағы ішкі істер бөлімінде қызмет етіпті. 1939 жылдың наурыз айында «халық жауларымен байланысы бар» деген жаламен ұсталып, Орал қаласындағы түрмеде 11 ай тергеуде жатыпты. Қасында Фатих Илясов деген ағамыз бірге болыпты. Тергеуден екеуі де ақталып шығып, Жәрдем аға Чапаев ауданының Каловертное ауылындағы май заводына директор болады. Ұлы Отан соғысы басталғанда сол жерден соғысқа аттаныпты.

Бұрын әскер қатарында болған сауатты, коммунист ағамыз майданда да жауапты жерде болған деседі. Оны соңынан естіп білдік.

Менің ағам Хибат Ахметов пен туған інісі Қанат Имашевтан, тағы басқа тумалары мен ауылдастарынан «қара қағаз» келгенін ауылдағы жас балалар хатқа жазып жіберіпті. Сол хатты алғаннан кейін елге жазған хатында «Жақында шабуыл. Мен оған інілерімнің кегін қайтару үшін шығамын. Бұл менің соңғы хатым болар» деп жазыпты. Оны менің анам айтып отырушы еді. Осыдан кейін хабар-ошар болмаған. Өзі кеткеннен кейін жеңгеміз Қымбат 1940 жылы туған жалғыз ұлы Маратты алып, Шыңғырлаудағы төркініне кеткен. Мекен жайлары ауысқан, сөйтіп Жәрдем ағадан келген «қара қағазды» ешкім алмаған әрі еш жерде сақталмапты.

Беріде облыста жарық көрген «Боздақтар» кітабындағы «Харьков облысы, Рогань деревнясындағы бауырластар зиратына жерленген» деген ақпарат көзімізге шалынды.

2016 жылы соғысқа кеткен адамдар туралы мәліметті интернеттен табуға болатыны жайында естіп білдім. Бұл хабар құлаққа тиген соң, балаларыма: «Соғыста хабарсыз кеткен, қара қағаз келгендер тізімін қараңдаршы», - деп едім, Жәрдем аға туралы мынадай мәлімет табылды.

«В боях с германскими захватчиками тов.Имашев Жәрдем проявил исключительный патриотизм к своей Родине. Один взвод противотанковых орудий поддержал 3-и стрелковый батальон при наступлений на село Скупой. Когда село была занята и батальон еще не успел закрепиться. Враг 19.01.1943 года с 12-00 превосходящими силами перешел в контратаку и пехота была вынуждена отойти. Тов. Имашев к этому времени как исполняющий обязанности заместителя батарей по политчасти находился со взводом. Положение было серьезное. Ком.взвод находился на НП который был отрезан противником. Тогда тов.Имашев лично стал командиром взвода противатанковых орудий отражая контратаки противника и растреливая его в упор на растояний 100-150м.

В результате мужества и геройства взвод не отошел назад в течений нескольких часов боя, отразил три контратаки противника. При этом было уничтожено огнем его орудий до роты пехоты противника, тем самым дали возможности стрелковому батальону вновь занять село Скупой и закрепится там. Командир ст.л. Затримайло 22 январь 1943 год».

Осы ерлігіне байланысты ағамыз 1943 жылы 28 қаңтарда «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.

Приказ

"253-и отдельной стрелковый бригаде 28-января 1943 года №08/н действующая армия. От имени президиума Верховного совета Союза ССР за образцовое выполнение боевые заданий командование на фронте борьбы с немецкими захватчиками и проявленные при этом доблесть и мужество нагрождаю орденом «Красной звезды».

Осы приказбен көп жауынгерлер марапатталған. Солардың ішінде Имашов Жәрдем Сегизович ағамыз да бар.

Соғыста хабарсыз кеткен ағаларымызды интернеттен іздеп отырып жақында жиенім Еркін Жұбаншалиев Жәрдем ағамыз туралы тағы бір мәлімет тапты. Онда былай делініпті.

«Командир орудия 45 мм гвардий младшего сержанта Имашев Жәрдем за то что он в бою 13.08.1943г за село Рогань следуя в боевых порядках пехоты из 45 мм пушки прямой наводкой разбил 2 (два) блиндажа противника с находившимися в них немецкими солдатами. 1907 год рождения казах член ВКП (б) призван в РККА Чапаевским РВК Зап.Казахстан области» деп жазылыпты. Осы ерлігі үшін «За боевые Заслуги» медалімен марапатталған.

Приказ

"138 гвардейскому стрелковому полку 48 гвардейской стрелковой дивизий. 16 августа 1943г. №14 действующая армия. От имени президиума Верховного совета Союза ССР за образцовое выполнение заданий командования на фронте борьбы с немецкими захватчиками и проявление при этом доблесть и мужество нагрождаю медалью «За боевые заслуги».

Осы бұйрықтағы көп жауынгердің ішінде Жәрдем ағамның да есімі бар. Сонда Рогань селосы ағамның жаумен ақтық шайқасқан жері болып тұр. Облыстық боздақтар кітабындағы мәлімет анық екен.

Ағамның артында 1940 жылы туған жалғыз ұлы Марат қалған еді. Ол көп жыл Шыңғырлау ауданының Қызылкөл совхозында механизатор болып жұмыс істеді. Қазір Мараттан 4 қыз 2 ұл өрбіген. Ағамның ұрпақтары өсіп-өркендеп келеді. Менің де қолға қалам алудағы мақсатым: солар аталарының ерлік істерін біліп, мақтаныш етсін. Өздері де елге елеулі азаматтар болып өссін! - деген ізгі ниет.

 

Өтеген Ахметов,

зейнеткер,

еңбек ардагері

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале