14.07.2023, 16:30
Оқылды: 35

Екі күндік турнир қорытындыланды

Тасқала ауданының Шежін ауылдық округінде Астананың мерейтойлық 25 жылдығына орай, ауданның 90 жылдығы аясында түлектер арасында спартакиада өткізілді.

cf118851-1551-4dce-97c6-b3f439424c95

Аталмыш шарада қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Талғат Шакиров айтулы мерекемен құттықтап, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі. Турнир барысында түлектерден құралған командалар волейбол және футбол сайыстары бойынша сынға түсті.

Қорытындысында волейбол сайысында ардагерлер (1973-1980) арасында 1973 жылғы түлектер командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды 1979 жылғы түлектер командасы еншілесе, 1976 жылғы түлектер командасына үшінші орын бұйырды.

 Орта буын (1982-1989) арасында 1989 жылғы түлектер командасы топ жарса, екінші орын 1982 жылғы түлектер командасына бұйырды. Үздік үштікте 1984 жылғы түлектер командасы иеленді.

 Ал жастар буынында (1992-2005) 1992 жылдың түлектері жеңіс тұғырынан көрінсе, 2003 түлектер командасы екінші орынды иеленді. 2002 жылғы түлектер командасына үшінші  орын бұйырды.

09f029c2-7773-443d-b5b0-ddc291356f37

Футбол сайысында түлектер жас ерекшеліктері бойынша төрт топқа бөлініп сынға түсті. Нәтижесінде бірінші топта 1973-1980 жылғы түлектер арасында 1973 түлектер командасының бағы жанып, турнир жеңімпазы атанды. 1979 жылғы түлектер командасы екінші орынды иеленсе, үшінші орынды 1976 жылғы түлектер командасы қанжығасына байлады. Екінші топта 1982-1990 жылғы түлектер арасында 1983 жылғы түлектер командасының асығы алшысынан түсіп, жеңіске жетсе, 1989 жылғы түлектер командасы екінші орынды иемденді. Үшінші орын 1982   жылғы түлектер командасына бұйырды.

1991-2000 жылдар түлектер арасында 2000 жылғы түлектер командасы қарсылас шақ келтірмей, үздік атанды. 1992 жылғы түлектер командасы екінші орынға жайғасса, 1993 жылғы түлектер командасы үздік үштік сапында. 2002-2006 жылғы түлектер арасында 2004 жылғы түлектер командасы жеңіске жетсе, 2006 және 2003 жылғы түлектер тиісінше ІІ, ІІІ орындарға жайғасты.

Жеңімпаз командалар ұйымдастырушылар тарапынан диплом және кубоктармен марапатталды. Сонымен қатар жүлделі орыннан көрінген командаларға сәйкесінше  50 мың, 30 мың, 20 мың теңге көлемінде қаржы табысталды.

 – Жыл сайын дәстүрлі жарысқа қатысушылар қатары артып келеді. Екі күн бойы тартысқа толы болған дүбірлі додада қатысушылар тартысты ойын көрсетті. Турнирдің мақсаты ауылдастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Жалпы ойын жоғары деңгейде өтті. Жарысқа қатысуға өз ықыластарын білдірген командалар жақсы дайындықпен келген. Тартысты бәсекеде ауылдастар спорттық шаралардың тек жанкүйерлері ғана емес, белсенді қатысушылары бола алатынын іспен дәлелдеді. Барша командаларға алғысым шексіз,   – дейді «Шежін» МББК дене тәрбиесі мұғалімі Рүстем Адилханов.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале