27.11.2019, 15:37
Оқылды: 22

Екі оқушы республикалық іріктеу кезеңіне өтті

Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім орталығында «Республиканың экономикалық және мәдени-әлеуметтік даму жобасы» атты республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.

qaztalov joba (1)

Оған Қазталов ауданынан 5 оқушының жұмысы жолданып, аудан намысын қорғады. Ғылыми жарыстың нәтижесінде «Ақылды үй» жобасымен Ғ.Молдашев атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Аяулым Рашиденова (жетекшісі Н.Меңдіғалиев) мен «Дала қызғалдағын жерсіндіру» жобасымен Қайыңды мектебінің оқушысы Аделина Ибрашева (жетекшісі Г.Сариева) республикалық байқаудың III іріктеу кезеңіне жолдама алды. Ал Қараөзен мектеп-лицейінің оқушысы Гүлназ Тұрарбекова «Сарысудың құрамы және практикалық маңызы» жобасымен (жетекшісі Н.Мұханбетова) және Бірік мектебінің оқушысы Аяжан Ғаппар «Ауылымыздың үш бәйтерегі» жобасымен (жетекшісі Н.Мажекерова) жарысқа белсене қатысқаны үшін марапатталды.

Гауһар Әділжан

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале