Сырым ауданы Алғабас ауылындағы М. Қаналиев атындағы мектеп - балабақша кешенінің оқушыларынан құралған «Экоқорғаушылар» ұйымы ерекше акция өткізді.
Олар ауылдың іргесіндегі Аңқаты өзеніне барып, ойықтар жасап, қамыс тығындады.
- Мұз астында да тіршілік иелері бар. Аңқаты - ауылдың байлығы. Балықтар - Аңқатының байлығы. Сондықтан оларға ауа жіберу әрі көктемгі тасқын уақытында мұз астындағы қысымды азайту үшін ойықтар жасадық. Экоқорғаушылар - табиғат достары! - дейді ұйымның жетекшісі, мектеп тәлімгері Нұрболат Жұмағазиев.
Акция аясында 27 нүкте бұрғыланды.
Б. Шерім,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz