Бүгін Казталов ауданына екпелі шөпке қажетті жаңбырлатып суару техникасын жасайтын «Debont» Қытай компаниясының өкілдері келді.
Ауыл шаруашылығы саласында біраз тәжірибе жинақтаған компания қызметкерлерін Казталов ауданы әкімінің орынбасары Рашид Иманғалиев қарсылап алып, екпелі шөп егумен шұғылданып жүрген Жәнібек, Казталов ауданының шаруаларымен жүздестірді.
Кездесуде «Debont» компаниясының бас инженері, агроном Фан Ядонг, ауыл шаруашылық жерлерін суландыру бойынша маман Абылайхан Ахметов, жоба менеджері Нәзия Мауенова өздері жасайтын суландыру құрылғыларымен таныстырып, компанияның Қазақстан мен Шетелдердегі тәжірибесімен бөлісті.
Екпелі шөп — заман талабы. Қазіргі уақытта өңіріміздің оңтүстік аудандарының шаруашылықтары екпелі шөп егуге біртіндеп көшіп жатыр. Соңғы жылдардарғы құрғақшылық пен қуаңшылық мал баққан ағайынға мал азығын дайындауға қиындық туғызуда. Бұл тығырықтан шығатын жол — заманауи технологияны иегеріп, суармалы егістікті қолға алу.
Біздің де ауданымызда екпелі шөп егуді бастаған шаруа қодалықтары бар. Нақтырақ айтсақ, Ақпәтер ауылдық округінен «ЕрҚожа» шаруа қожалығы 2025 жылы 140 гектарға судан шөбін, 20 гектарға жоңышқа тұқымын екті. Бірік ауылдық округінен «Кайрат» шаруа қожалығы 10 гектар жерге судан шөбін, 35 гектарға еркекшөп тұқымын еккен.

Казталов ауылдық округінен «Кардон» шаруа қожалығы 60 гектарға судан шөбін егіп, мол өнім алуды жоспарлап отыр.
Кездесуге қатысқан шаруашылық жетекшілері «Debont» компаниясының өкілдеріне сауалдарын жолдап, суармалы егістік және қажетті құрылғылар туралы толық мәлімет алды.
Нұр Рахман,
Казталов ауданы