18.07.2017, 15:59
Оқылды: 60

ЭКСПО-ға Жәнібектен екінші лек аттанды

Бүгін Жәнібек ауданынан оқушылардың екінші легі Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесіне аттанды.


Оларды шығарып салу үшін орталық алаңға ата-аналар, білім беру бөлімінің қызметкерлері, аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов келді.

-Бұлар бюджет қаражаты есебінен елордаға аттанып бара жатқан екінші топ. Аудан мектептерінен 97 оқушы бар. Сапар барысында олардың қастарында жетекшілер, медбикелер және полиция қызметкері болады. Балалар Астанада болған кезде ЭКСПО-ны тамашалап, қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасайды. Алғашқы лектегі 80 оқушы ата-аналардың демеушілігімен барған болатын,-дейді аудандық білім беру бөлімінің басшысы Миранбек Ибатов.

А.ЕСІРКЕПОВ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале