4.05.2022, 18:34
Оқылды: 25

Ел алдындағы есептік кездесулер

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Қарағаш, Ақбұлақ ауылдарында есептік кездесулер жалғасын тауып, оған аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова қатысты. Аталған округ әкімдері үстіміздегі жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды жасап, алға қойған міндеттерімен бөлісті.

IMG-20220504-WA0081

Қарағаш ауылдық округінің әкімі Мерхан Жумиев өз баяндамасында жыл басында округ көлемінде атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Мерхан Манасұлы өз сөзінде бүгінгі таңда ауылдық округ көлемінде 32 шаруа қожалығы, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 2 ауыл шаруашылық өндірістік кооператив жұмыс істейтінін хабарлады.

Оның айтуынша округте мүйізді ірі қара малының саны – 6773, қой мен ешкі - 3137 бас, жылқы - 991 басқа жеткен және өткен жылмен салыстырғанда барлығынан өсім байқалады дейді. Тұрғындар да өздерін толғандыратын мәселелерін ортаға алды. Атап айтқанда Қайынды-Қарағаш бағытындағы 18 шақырым жолды тегістеу, ауылдың бөгетін жөндеу, сонымен қатар тозығы жеткен электр сымдарын ауыстыру секілді сұрақтарға аудан басшысы Әлия Биғазықызы жауап берді.

IMG-20220504-WA0077

2022 жылдың І тоқсанында ауылшаруашылық техникалары паркін жаңалау мақсатында «Жунусов» ШҚ-ғы «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы 1-дана МТЗ 82 трактор, 1 пресс, 1 кун, 1 шөпшапқыш алды. Бүгінде алынған техниканың 25 %-ы шаруаларға субсидияланды», - дей келе, округ әкімі атқарылған жұмыстармен қатар алға қойған жоспарларымен де бөлісті. Бұл елді мекен тұрғындарын апатты жағдайдағы су мұнарасы толғандыруына орай, тиісті мекеме басшыларына сұрақтарын жолдап, жауап алды.
Қос ауылдық округте өткен есептік жиыннан соң тұрғындар жеке мәселелерімен аудан әкімінің қабылдауылда болып, өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап ала алды.

Аман Ізмұхан,

 Шыңғырлау ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале