Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық мешітінің имамы Халықбек Сыдықов құрбан шалып, елдің амандығы үшін садақа берді.
– Мұсылман үшін басты парыздың бірі – елдің тұтастығы мен бірлігі үшін садақа беру. Әр адамның жан дүниесі жадырап, халқымыз татулықта болып, қанағат пен ынсабымыз арта берсін. Мұқтаж жандарға қайырымдылық танытып, жақсылық жасауға асығайық. Тұтас халықтың денсаулығы үшін уақытша жасалған шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырамын. Ел іргесі бүтін, шаңырақтарыңызда шаттық орнасын, – деді жамағатқа ақ тілеген арнаған имама Халықбек Садықов.
Тағылымы мол уағыз айтылған жиында Орал қаласынан келген Құмарғазы қажы Құрақов құран бағыштаса, облыстық орталық мешіттің ақсақалдар алқасы кеңесінің төрағасы Нәдір Абдуқаев мен ауыл ақсақалдары ақ тілектерін айтып, жыл санап, мешітке жиналған жамағат қатары көбейіп келе жатқанын қуана жеткізді.
Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz