Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов Чапаев ауылының тұрғыны Зайда Қашаманқызын мерейлі 90 жасқа толуымен құттықтап, құрмет көрсетті.
Зайда Қашаманқызы 1943-1948 жылдары трактор тізгіндеп елмен бірге сұм соғыстың ауыртпалығын бөлісті. Сұрапыл соғыстан кейін де ел еңсесін тіктеуге май өз үлесін қосты, бейбіт күнде еңбекке араласты.Ақжайықтың құрметті азаматы 1971 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. 1949 жылы ол фин, Ұлы Отан және жапон соғыстарына қатысқан майдангер Ишман Дәулетияровпен отау көтеріп, өнегелі отбасы атанды.
Мерейтой иесіне игі тілегін арнаған аудан басшысы естелік сыйлық тапсырды.
Бекем БЕКҰЛЫ,
Ақжайық ауданы
Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН